Сіз өзіңіздің өнімдеріңіз бен қызметтеріңізді таныстыра алатын ең үлкен мақсатты аудитория көрмеге келушілер болып табылады. ShymkentBuild көрмесі бизнесті жылжытуға арналған бірқатар жолдарды ұсынады — экспонент ретінде тікелей қатысудан бастап көптеген маркетингілік мүмкіндіктерге дейін. Өзіңіздің компанияңыз үшін ShymkentBuild көрмесінің коммерциялық әлеуетін барынша көп пайдалану үшін біз Сізге «мықты белгі» бейнесін қалыптастырудың төмендегі мүмкіндіктерін ұсынамыз:
Көрменің бас серіктесі
Шақыру билеттері бойынша серіктес
Көрменің ресми каталогы бойынша серіктес
Келушілерді тіркеу аймағы бойынша серіктес
ShymkentBuild-ке серіктес ретінде қатысу көрменің өткізілу кезімен қатар оның өткізілуінен көп бұрын көрменің жарнамалық науқанын жүргізу кезінде компания жайлы мәлімдеуге мүмкіндік береді (15-тен астам мамандандырылған және салалық басылымдар, сыртқы жарнама, теледидар, шақыру билеттерін тарату және т.б.).
Біз Сізге өзіңіздің мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізге барынша сәйкес келетін серіктес ретінде қатысу түрін таңдауды ұсынамыз. Сонымен қатар біз Сізбен ShymkentBuild көрмесінің серіктестік шеңберіндегі арнайы жобаларды талқылауға дайынбыз.
Осы мүмкіндіктер Сізді қызықтырған жағдайда, қосымша ақпаратты алу үшін ұйымдастырушылармен байланысуыңызды сұранамыз.
ITECA құрылыс көрмелер департаменті: Тел.: +7 (727) 258 3434 Факс: +7 (727) 258 3444 E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.